ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

0

Аудандық сотта сот төрағасы  М.Үркімбаев пен сот қызметкерлерінің қатысуымен  «Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу- біздің  міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында М.Үркімбаев қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет- ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік  түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік- экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылатындығын атап өтті.

Пилоттық жобаны іске асыру

Сарысу аудандық сотында «Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге  аудандық соттың судья координаторы   Д.Кадерқұлқызы, «Бастау» жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында судья координатор   Д.Кадерқұлқызы өз кезегінде  «Бастау» жұмыс тобының негізгі міндеті — отбасы мәселелерін шешуге бағытталғанын,  олар жанұяны сақтап қалумен қатар, олардың ажырасудағы себеп-салдарына үңілетіндіктерін, осы арқылы жұбайларға дұрыс жол сілтеп, кеңестерін беретіндіктерін,  тіпті, жұмыссыз жұптардың екі қолға бір күрек табуына, жас аналардың арнаулы білім алуына, қысқа мерзімді оқуларды игеруіне ықпал етіп, мүмкіндік жасау керектігін атап өтті. Бұл ретте, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша нөлдік төзімділік сақталуы керек екендігін айтты.

Отбасын қолдап, балаларды қорғайтын жұмыс тобы неке қидыруды қалайтын жұптарға неке-отбасы заңнамасы жөнінде консультация беру жөніндегі іс-шараларды АХАТ органдарының жолдамалары бойынша ұйымдастырады. Олар сонымен қатар отбасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері, жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен реттеу жөнінде де көмек көрсетеді.

Судья Д.Кадерқұлқызы осылар туралы айта келіп, отбасылық-неке дауларын қарау кезінде олардың мәні бойынша шешумен шектеліп қалмайтындарын жеткізді. Олар жұмыс тобымен өзара бірлесе іс-қимыл жасай отырып, отбасылық қатынастарды сауықтырып, отбасын сақтау және тараптарды татуластыру жөнінде шаралар қабылдауда.

Іс-шара соңында қатысушылар осы кездесудің өзектілігі мен тиімділігін атап өтті. Алдағы уақытта тығыз байланыста болып, ажырасуды, отбасылардың екі жаққа кетіп қалудың алдын алу мақсатында бірлесіп жұмыстар жасау алға қойылды.

Г.Байбосынова,

 «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.