ҚАЛА КҮННЕН-КҮНГЕ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

0

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде Жаңатас қаласы әкімі Д.Борсықовтың 2022 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша қала тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.

Жиынға мекеме, кәсіпорын басшылары, қала тұрғындары қатысты.

Басқосуда қала әкімі Д.Борсықов  жыл ішінде атқарылатын жұмыстарды тілге тиек етті.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әкімдердің халықпен кездесулері туралы» жаңа Жарлығына сәйкес  арнайы бас қосып отырғанын айта келіп, жыл ішінде қала көлемінде 12 жоба іске асырылатын болады.

Оның ішінде тікелей аудан әкімінің қолдауымен бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Ең алдымен, «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы  4-ші және 5-ші шағын аудандарға инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылым тарты- лады. Өздеріңіз білесіздер, 4-ші, 5-ші шағын аудандарда бос жатқан жерлер жеке меншік жер иелігіне берілген болатын. Ендігі кезекте оларға су, кәріз жүйелері мен электр желісі жүргізілетін болады. Сонымен қатар, көптен күткен жобаларымыздың бірі — Жастар кешенінің құрылысы басталады. Дегерес елді мекенінде 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория ғимараты салынады. Жергілікті бюджеті есебінен қала ішіндегі балалар ойын алаңшаларын ағымдағы жөндеуге қаржы бөлінді. 2 шағын аудандағы №13,14,17,18,19,21 үйлердің алды абаттандырылады. Дегерес тауы артындағы мұсылмандар қорымын қоршау жұмыстарын жүргіземіз. 5А шағын ауданға барар жолға және Мұқанов көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолы салынады,- деп жол көлік оқиғасын алдын алу бағытында қала ішіндегі бағдаршамдар жөнделетінін, оған қоса, қаламыздың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қоқыс тасымалдайтын жүк көлігін сатып алу жоспарланып отырғанын айтты.

Сонымен қатар тұрғындар жарыссөзге шығып, қала әкіміне  көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Жиынды қала әкімі Д.Борсықов қорытындылап, барлық мәселелер хатта- маланып, орындалуы бақылауға алынатынын жеткізді.

С.Рысбекұлы, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.