СЕНБІЛІК БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

0

АУДАНДА КӨКТЕМГІ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛҒАЛЫ БІРШАМА ЖҰМЫС АТҚАРЫЛДЫ. МҰНЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІНЕН АНЫҚ АҢҒАРУҒА БОЛАДЫ. ӘР СЕНБІДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП, ТАЛАЙ ТІРЛІК ТЫНДЫРЫЛУДА. ИӘ, ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ БОЛЫП ТҰР.

Себебі, ол – айналаны қоқыс қалдығынан тазартып, халықты ауызбіршілікке шақыратын игі іс. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті. Осыны қаперге алған аудан тұрғындары, мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, мектеп және балабақша ұжымдары өткен сенбіде өздеріне тиесілі аумақты ретке келтіріп, талдардың қураған бұтақтарын кесіп, арықтарды, айналаларын қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарды. Бұл күні қала тұрғындары да үйлерінің алдында бей-берекет шашылып жатқан қоқыстарды алып, тал отырғызды. Қала бойынша бордюрлер ретке келтірілді. Жалпы сенбілікке 42-ге жуық мекемелер және 435 адам атсалысып, 3,1 тонна қоқыс шығарылып, 410 метр арықтар тазаланды.

Сенбілік-тазалық кепілі. Әр адам, әр ұжым сенбілікке кішкене де болса да атсалысып, үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Қала тазалығына үлес қосу- әрбір тұрғынның міндеті.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.