Тәжік-ауған зардабы

0

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдасты- руымен 7 сәуір тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жаужүрек 17 сарбаздың ерлік оқиғасының  27 жылдығына орай боздақтарға тағзым жасауға арналған «Тәжік-ауған зардабы» атты  сұхбат кеш өткізілді.

Сұхбат кешке тәжік-ауған соғысының  ардагерлері Баулыбеков Балтабек пен Көшеров Жазылбек қатысып, сол бір қиын-қыстау күндері жайлы естеліктерімен бөлісіп, тағылымды әңгіменің  ағынын өрбітті.

Кешті жүргізуші Таутаев Мәди: «Арада 27 жыл өтсе де, тәжік-ауған шекарасында орын алған соғыстың халық жүрегіне салған жарасы, қайғы-қасіреті елдің санасынан өшпек емес. Сол қантөгісте  ерлік пен антқа адалдықтарын дәлелдеген  жаужүрек жігіттер біздің мәңгілік жадымызда. Елдікті құрметтеу, батырлықты дәріптеу, боздақтар рухын еске алу әрдайым азаматтық міндетіміз болып қала береді»-деп кешті  қорытындылады. Шара соңы патриоттық рухта шырқалған әндермен жалғасты.

Дін-өмірлік ұстаным

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдас- тыруымен еліміздің жарқын болашағы бүгінгі жасқа рухани тағлым, имани тәрбие беру мақсатында    «Дін-өмірлік ұстаным» атты рухани кеш өткізілді. Кешке «Майлыбай» мешітінің бас имамы Ғабит Кәрімбеков, Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Мұрат Еспенбетов, т.б. қатысты.  Ғабит Кәрімбеков  ислам дінінің кіршіксіздігі,  қазақ халқының тарихи ұстанымы жайында жан-жақты  түсіндіріп, ғибрат- ты уағыздар айтып  берді.  Сонымен қатар Ораза айының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, жергілікті аға- йындарға жүректен шыққан ең ізгі тілегін білдірді.

Қазақ халқының алып тұлғасы

Жаңатас көпсалалы колледж кітапханасы мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен  әйгілі жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі» атты әдеби композиция өтті. Іс-шараның мақсаты- Тарихтың бізге жеткен парақтарымен жазушы М.Әуезовтің асқақ рухпен жігерленген шығармаларын жас ұрпаққа жеткізу. Халқының салт-дәстүрін жинақтап, Абаймен байланыстырып, ұрпағына өткен дәуірді танытқан жазушының өнегісімен тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуіне ықпал ету.

Шараны кітапхана қыз- меткері  Рахымбаева Луиза жүргізіп, Әлем  әдебиетінің алыбы М.Әуезовтің шығармалары «Қилы заман», «Қорғансыздың күні», «Абай жолы» роман эпопеясына  тоқталып  өтті. Қадір Мырза Әлидің «Қазақ халқының алып тұлғасына» өлең жолдарын  04-21 тобының студенті Боранбаева Арайлым, Қалқаман Сариннің  «Арнау»  өлеңін Аман Арай жатқа оқып берді. «Қазақтың біртуар нар тұлғасы» жазушының өмірбаянына   Қыдырәлі Анель тоқталып өтті. Шара соңында «Ұлтының ұлы жазушысы» кітап көрмесіне колледж кітапханашысы С.Абдирова библиографиялық шолу жасады.

Өлкеміздің өр тұлғалары

Саудакент ауылдық кітапханасында елі үшін аянбай еңбек еткен, аудан мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан асыл азаматтарымыз өмірлері өнермен өрнектелген тұғырлы тұлға Мейрамбек Күздеубаев пен Тоғай Тұнғатовқа арналған ”Өлкеміздің  өр тұлғалары”атты әдеби кеш болып өтті. Іс-шараны жүргізген кітапхана меңгерушісі К.Тұрмаханова „Сарысудың сазгері”атанған Мейрамбек Күздеубаевтың өмірбаянына, еңбек жолдарына тоқталып өтті. Қазіргі таңда  М.Күздеубаев атында Саудакент ауылында көше бар,сонымен қатар өзі оқыған Маятас мектебінде арнайы бұрыш ашылып қойылған, Т.Махашев атындағы музейде Мейрамбек Күздеубаевтың алған диплом,  куәліктері сақталған.Ол өлең өлкесінде өзіндік өрнегін салумен қатар әрі әуесқой композитор болды.Кішілігі мен кісілігі ар таразысында тең тұратын ұлтының ән өнерінде өзінің қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген сазгердің отызға жуық әні болды. „Байқадам вальсі”,”Асылым’, ”Жар сыры” тб әндері ел арасында кеңінен таралған. Кеш барысында слайдтан Мейрамбек Күздеубаевтың естелік суреттерін, өз қолымен жазған өлеңдерін  және  әндері жазылған таспа оқырман қауымға ұсынылды. Әкесі туралы қызы Раушан көп мағлұматтар берді. Ауылға арнап шығарған „Ауыл вальсі”атты өлеңін кітапхана қызметкері С.Жөгібаева оқып берсе, кеш қонақтары мәдениет саласында ұзақ жылдар қызмет еткен Р.Сүлейменов  естелік әңгімелер айтып берді.Мейрамбек Күздеубаев туралы жақсы естеліктер айтқан саз мектебінің ардагер ұстазы М.Әубакиров, мәдениет қызметкерлері Қ.Алтынбеков, Р.Болатова, Г.Сәрсекеева кештің шырайын аша түсті.Кештің екінші бөлімі әуесқой сазгер Т.Тұнғатовқа арналды. М.Күздеубаевтан кейін мәдениет саласын басқарған Т Тұнғатов әуесқой сазгер болатын. Сазгердің өмір жолдары мен шығарған әндері жайлы мәліметтер берілді. Елі үшін аянбай қызмет етіп, артына жақсы сөз, ізгілікті  із қалдырған, ауданның мәдениет саласын өркендетуге орасан зор үлес қосқан Мейрамбек Күздеубаев пен Т.Тұңғатовтың есімдері әрдайым тыңдармандарының есінде мәңгілікке сақталады.

Камели Сүлейменова,

 «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.