МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ МЕН ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСУЫ

0

Өткен жылды қорытындылап, үстіміздегі жылы атқарылатын жұмыстарды нақтылап алдық.

Қазіргі уақытта, өткен жылдың есебі бойынша жиында айтылған ұсыныс-пікірлерді  жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары бойынша шешілу жолдары қарастырылуда.

Аудан әкімінің қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша көктемгі 2 айлық өткізу туралы қаулысына сәйкес, барлық тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда: елді мекендер қоқыстардан тазартылып жатыр. Су ағатын негізгі арықтар тазартылды.  300 түп тал көшеттері ауылдардағы саябақтарға егілсе, 150 түп тал көшеті «Ысты-Тілік баба» аумағына егілді. Сонымен қатар, 65 дана декоративті сәнді тал көшеттері жасыл белдеу қорғаныш алқабына егілді.

Тұрғын үй аумағындағы тұрмыстық қатты қоқыстарды шығару бойынша 8 ауыл тұрғынына ескерту парағы берілді. Көктемгі дала жұмыстары бойынша егістік алқаптар үшін 37,0 т. (600 га жерге) аммофос тыңайтқышы алынды. Егіс алқаптарын игеруде (барлығы 1320,26 га) 230 га күздік бидай егілді. Енді қалған, егістік жерлерге арпа, мақсары дақылдары мен жоңышқа егу үшін ауыл шаруашылығы техникалары мен тұқымдар дайындалып жатыр.

Округтің негізгі саласы мал шаруашылығы болғандықтан мал басы жыл сайын артып келеді. Мал басының санын арттыру мақсатында 13 азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» несие алуға құжаттарын тапсырса, 10 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға құжаттарын өткізді. Жұмыссыздықтың деңгейін төмендету мақсатында, 4 жас маман жастар тәжірибесінен өтуде. 7 азамат қоғамдық жұмыстар атқарса, 10 азамат «Жел электр станциясының» құрылысын жүргізуге өтініш берді. Сонымен қатар, «Диас» шаруа қожалығы Меркі ет комбинатына 1200 бас тоқтыны, яғни 20,0 т ет өткізді.

Көктемгі әскер қатарына 27 азамат шақырылып отыр. Оның 15-і білімгер. 7 білімгер оқу орындарынан тиісті анықтамасын өткізді. Барлық азаматтарға шақыру қағаздары таратылып берілді. Әр азаматпен жеке-жеке жұмыстар атқарылып жатыр. Әскер қатарына шақырылушы азаматтар түгелімен қамтылатын болады. Алғыс айту мен Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамына орай  10 отбасына қайырымдылық шаралары жасалды. Барлық атқарылған жұмыстар әлеуметтік желі парақшаларына салынды.

Биылғы жылы округке 10 жоба мақұлданды. Осы жоба бойынша Ақто- ғай ауылындағы Ш.Датқа көшесіне  түнгі жарықшамдар қойылды.

 Қ.Алдабергенов, Жаңаарық ауылдық округінің әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.