Алғашқылардың бірі болып жазылды

0

Аудандық «Сарысу» газетінің оқырмандар қатары тағы бір белсенді ұжыммен толықты. Жуырда Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Мұхаметәлі Нұрланұлы Кеңесов бастаған ұжым алғашқылардың бірі болып, аудандық басылымға жазылды.
Өңірдің өткені мен бүгіні, жетістігі мен жаңалығы, тұрғындардың тыныс-тіршілігі тұрақты жарияланып келе жатқан «Сарысу» газеті аудан өмірінің шынайы шежіресіне айналып отыр. Жергілікті басылымға қолдау білдіру – туған өлкенің тарихы мен бүгінгі дамуына деген құрметтің белгісі.
Мұхаметәлі Нұрланұлы аудандық газеттің қоғамдағы рөліне тоқталып, жергілікті жаңалықтарды дер кезінде халыққа жеткізуде басылымның маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ аудан тұрғындарын аудандық газетке жазылуға шақырып, өңірлік ақпарат кеңістігін қолдаудың маңыздылығын жеткізді.
Редакция ұжымы аудандық басылымға қолдау көрсеткені үшін Мұхаметәлі Нұрланұлына және бөлім қызметкерлеріне алғыс білдіреді. «Сарысу» газеті алдағы уақытта да оқырман сенімінен шығып, аудан өмірінің айнасы бола бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.