Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің айғағы

0

Жыл сайын 4 маусым күні Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздігін, егемендігін және ұлттық бірлігін айшықтайтын ерекше мереке.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – мемлекетіміздің бас­ты нышандары. Олар еліміздің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын және болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың конституциялық міндеті әрі Отанға деген сүйіспеншілігінің көрінісі.
Сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының конституциялық құндылықтарын қорғауға қызмет етеді. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету заңдылықты, патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.
Тәуелсіз Қазақстанның көк Туы бейбітшілік пен тұрақтылықты, Елтаңбасы ел бірлігі мен берекесін, ал Әнұраны халқымыздың рухын асқақтатады. Осы қасиетті нышандарымыз әрқашан еліміздің мерейін үстем етіп, азаматтарымыздың бойында Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтай отырып, еліміздің өсіп-өркендеуіне, тәуелсіздігіміздің нығаюына және халқымыздың бірлігіне тілектестік білдіреміз.
Сот ұжымы мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың парызы екенін атап өтіп, Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында қызмет етуге шақырады.

Г. Несипбекова, сот әкімшісінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.