Аудандық зияткерлік «Quiz» ойыны

0

Өткен аптада Жаңатас қаласы «Бақдаулет» мейрамханасында М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен, Қайратұлы Бақдәулеттің демеушілігімен, қатысушылардың зияткерлік деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімін тәжірибеде қолдана білуге және командалық жұмысқа баулу мақсатында аудандық зияткерлік «Quiz» ойыны өтті. Ашылуында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Төлтаева сөз сөйлеп, катысушыларға жылы тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі. Ойынға қаланың бес мектебінен 2 командадан, барлығы 10 команда қатысты. Ойын қызықты әрі тартысты өтті.
Жарыс нәтижесінде Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының «Auezov future» командасы 1-орынды жеңіп алды.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының «Brain Storm» командасы 2-орынды иеленді.
Ал, 3-орынды Абылайхан атындағы мектеп лицейінің «Ұшқыр ой» командасы қанағат тұтты. Жеңімпаз командаларға қомақты қаржылай сыйлықтар тапсырылды.
Қалған командаларды Алғыс хатпен, сый-сияпаттармен марапаттады.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.