ЖАНҒА ЖАЙЛЫ ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ
Жаздың жаймашуақ күндерінде Дегерес елді мекенінің тұрғындары мен қонақтары субұрқақ жанында демалатын болды. Қаланың шырайын келтіріп, әсем көрініс сыйлайтын субұрқақтар аптап ыстықта тұрғындарға сая болатыны рас.
Осындай көпшілік демалатын алаң 7 мамыр — Отан қорғаушылар мерекесі күні Д.Қонаев атындағы орта мектептің алдында ашылды. Жаңа алаңның ашылу салтанатында аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйледі:
-Бүгінгі алаң тұрғындардың сүйікті орнына айналатыны сөзсіз. Өрнектермен айшықталған субұрқақ «Ауылдың алты ауызы» айтылатын кештердің куәсі болмақ. Бұл орын талай шығармашыл жандардың шабытына арқау болады деп сенемін. Субұрқақты күтіп ұстау, баптау ауыл азаматтарының азаматтық міндетіне айналуы тиіс, — деді.
Мұнан соң сөз алған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев та қаламыздың күннен-күнге түрленіп, тұрғындардың тынығып, демалуына арналған орындар көбейгені туралы айтып өтті.
Жаңа спорт нысанының лентасын салтанатты жағдайда аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев қиды
Жанға жайлы, серуен үшін таптырмас орынға айналған алаңда ыңғайлы орындықтар, көлік тұрағы мен субұрқақ және балалар кешкі салқын ауада ойнайтын батуттармен қамтылған. Сонымен қатар, көлік тұрағы асфальтталып, айнала абаттандырылды. Мердігер «Айсерік» ЖШС — нің иесі — Ғани Рыспанов аталмыш жобаны сәтті жүзеге асырды. «Жаңатас ЖЭС» ЖШС-і мен «Шоқпар ЖЭС» ЖШС-інің демеушілігімен іске асып отырған жоба сәтті іске асты. Жалпы «Жаңатас ЖЭС» ЖШС-і мен «Шоқпар ЖЭС» ЖШС-інің демеушіліктерімен ауданымызда бірқатар жобалар жүзеге асты. Атап айтсақ, 2021- 2022 жылдары Жаңатас қаласындағы «Ақбұлақ» демалыс орнын толық екі кезеңде абаттандырылды. 2023 жылы Жаңатас қаласындағы орталық алаңға сахна орнатылды. 2024 жылы Жаңатас қаласы «Даңқ» момументіне субұрқақ орнатылған болатын.
Сәулеттік туынды тек қаланың көркін ашып қана қоймай, серуен құрып, отбасымен демалуға арналған жаңа жайлы орынға айналатынына сеніміміз мол.
Камели Сүлейменова, «Sarysý»