Жұмыс сапарымен келді
Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің мониторингтік тобы ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келіп, денсаулық сақтау, білім, дін істері, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларына қоғамдық бақылау жүргізді.
Мониторингтік топтың құрамында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар саясаты және қоғамдық даму жөніндегі комиссия төрағасы Сұлушаш Құрманбекова, облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы Жанар Орынбаева, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм, су шаруашылығы және жолаушылар көлігі жөніндегі комиссия төрағасы Ауесхан Зауырбеков, табиғатты қорғау, балық, орман шаруашылығы, жұмыспен қамту және дін істері жөніндегі комиссия төрағасы Архабек Төлебаев және комитет мүшелері — Батырхан Дауренбеков, Бақыткүл Бекмұхамбетова мен Абзалбек Әшімқұлов бар.
Облыстан келген мониторингтік тобы және аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев нысандарды бірге аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Іссапар соңы актив отырысымен қорытындыланып, аудандағы келелі мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»