Ұсыныс-пікірлер ортаға салынды
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбековтың төрағалығымен Сарысу ауданы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелері, мерзімді әскерге шақыру комиссия мүшелері, этносаралық қатынастар саласындағы аудандық ақпараттық — түсіндіру топтардың құрамының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2026 жылға дейін жүзеге асырылатын жұмыс жоспарын бекіту, жастарды әскери — патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығы, сондай — ақ этностық топтар арасында азаматтық бірегейлікті нығайту және этносаралық келісімді қамтамасыз ету мен шиеленістің алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізу мәселелері қаралды.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жұмабекұлы 2026 жылға арналған жоспар жобасының маңыздылығына тоқталып, этнос жастарын қоғамдық белсенділігін күшейтуге бағытталған іс — шараларды жүйелі түрде іске асыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді түсіндіру және оларды жүзеге асыру барысында этнос өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізудің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Жиын барысында этнос жастарын әскери- патриоттық рухта тәрбиелеу, отаншылдық тәрбие беру, ұлттық сана сезімді нығайту, жас ұрпақтың ел алдындағы жауапкершіліктерін арттыру бағытындағы ұсыныс — пікірлерді ортаға салды.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»