Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру
Сарысу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Төлтаева Гүлмира Көшекқызы
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы білім сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары жоспарлы жүргізілуде.
2025–2026 оқу жылында ауданға барлығы 23 жас маман қабылданды. Оның ішінде: 4 математика, 5 ағылшын тілі, 1 дене шынықтыру, 4 бастауыш сынып, 1 тәлімгер, 1 физика, 1 география, 1 музыка, 1 химия, 1 психолог, 1 биология, 2 орыс тілі пәні мұғалімдері.
20 жас маманға 20 тәлімгер бекітілді. Тәлімгерлер мен жас мамандардың кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында 1 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, соған сәйкес семинарлар мен әдістемелік қолдаулар көрсетілуде.
2025–2026 оқу жылына арналған іс-шара жоспарына сәйкес, аудандық орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін жас мамандарға тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтер үшін «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар», «Жас маман мен тәлімгер үндестігі», «Жасанды интеллект қолдану салалары» тақырыптарында семинар-практикумдар өткізілді.
Сонымен қатар, жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында аудандық «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» және «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқаулары ұйымдастырылды.
Білім беру менеджментінің сапасын жақсарту мақсатында аудандық директорлар кеңесі құрылған. Директорлар кеңесінің жылдық жұмыс жоспары бойынша білім беру ұйымдарымен «Мектепішілік бақылау жұмысын тиімді ұйымдастыру», «Білім сапасын көтеруде педагогикалық ұжымның бірлескен кәсіби әрекетін ұйымдастыру», «Негізгі және шағын жинақты жинақталған мектептерде оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыптарында жоспарлы семинарлар өткізіп, аудан бойынша «С» деңгейдегі мектептерге әдістемелік көмектерін берді.
Аудан бойынша 26 мектепте 26 директор жұмыс жасайды. Директорлардың ішінде «Бірінші санатты басшы»-4, «Екінші біліктілік санатты басшы»-6, «үшінші санатты басшы» — 10, санаты жоқ директор -6 (5 жаңадан тағайындалған, 1 зейнетке шығады, осы айда).
2025 жылдың 10 сәуір күні директорлар арасында “DIRECTOR’S CUP”-атты дебат турнирінің аудандық кезеңі өткізілді, аудандық «Үздік лидер», «Үздік спикер» номинацияларын алған директорлар облыстық кезеңіне қатысып, «Үздік кейс» номинация иегері атанды.
2025 жылдың 18 желтоқсан күні облыстық «Педагогикалық хакатон» өткізілді, ауданнан 5 директордан құралған команда қатысты, нәтижесінде ІІІ жүлделі орынға қол жеткізді.
Аудан бойынша 26 мектепте 37 директордың оқу орынбасары жұмыс жасайды. Оның ішінде: «Бірінші санатты басшының орынбасары»-3, «Екінші санатты басшының орынбасары»-15, «Үшінші санатты басшының орынбасары»-9, орынбасар ретінде санаты жоғы-10.
Білім бөлімі тарапынан аудан көлемінде директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен шығармашылық топ құрылған, шығармашылық топтың іс-шара жоспары бойынша «Мектепішілік бақылау жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары»,«Авторлық бағдарлама әзірлеудің оңтайлы жолдары», «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» және «Білім сапасын арттыруда дарынды оқушылардың үлесі» тақырыптарында білім беру ұйымдарының педагогтерінің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, шығармашылық топ мүшелерінің қатысуымен мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарында жүргізілген талдау жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсетіліп, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар берілді. Аталған жұмыстар жыл бойы жүйелі түрде ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету үздіксіз қамтамасыз етілді.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығын басшылыққа ала отырып, білім алушылардың білім жетістігіне мониторинг жүргізу барысында 2024-2025 оқу жылында (ББЖМ) педагогтермен үнемі жоспарлы семинарлар, коучингтер, семинар-практикумдар ұйымдастырылды. 4,9-сынып оқушыларынан апта сайын алынған тест қорытындысының мониторингі шығарылып, пән мұғалімдеріне оқушы жұмысындағы кеткен кемшіліктер айтылып, түзету жұмыстары бақылауға алынды. 2024 жылы ББЖМ-ге қатысқан мектептерде Ұлттық баяндаманың Жол картасы аясында «Шебер – мұғалім» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан мектептерінің шебер педагогтарының қатысуымен сабақ кестесі жасалып, 4 және 9-сынып оқушыларын қамтитын сабақтар онлайн форматта өткізілді. Әр сабақтың соңында тақырыптық тесттер алынды. Тест қорытындысы бойынша қатемен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде ББЖМ қорытындысы бойынша 4-сыныптарда математикалық сауаттылықтан-512 балл, оқу сауаттылығынан-595 балл, жаратылыстану бойынша-536 балл болды. 9-сыныптар бойынша математикалық сауаттылық-583 балл, оқу сауаттылығынан-523 балл, жаратылыстану бойынша-551 балл болып, тест нәтижесі жоғары көрсеткіш көрсетті. (Абылай хан мл, Түгіскен ом, Д.Қонаев ом, Б.Қашқынбаев ом) Қатысқан оқушылар саны-288. 4-сыныптар-146, 9-сыныптар-142).
2025 жылы аудан бойынша 6 мектеп ББЖМ-ге қатысуға іріктелді: Ақтоғай, Арыстанды, Жаңаталап, Ж.Отарбаев, Сарысу, Ы.Сүлейменов орта мектептері. Аталған мектептермен іс-шара жоспарына сәйкес дайындық жұмыстары ұйымдастырылып отырды.
ББЖМ 4-сыныптар бойынша оқу сауаттылығынан ауданның орта балы-73,6, математикалық сауаттылық бойынша ауданның орта балы-80,5, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша ауданның орта балы-54,5, 9-сыныптар бойынша оқу сауаттылығынан ауданның орта балы-68, математикалық сауаттылық бойынша ауданның орта балы-82, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша ауданның орта балы-52 пайызды көрсетті. Пәндер бойынша 4,9-сыныптарда жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтан пәндер төмен нәтиже көрсетті. Төмен нәтиже көрсеткен пәндер мектепішілік бақылауға алынып, білім сапасын арттыру мақсатында әдістемелік қолдау көрсетілуде.
Халықаралық зерттеулер
Сарысу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің іс-шаралар жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарының педагогтарының қатысуымен онлайн форматта «Халықаралық зерттеулерге дайындаудың тиімді жолдары (PISA, PIRLS, ICILS), оқушылардың компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау, осы дағдыны қалыптастыруға әсер ететін түрлі факторларды талдау, сондай-ақ компьютерлік ақпараттық сауаттылық (КАС) пен оқушының жалпы үлгерімі арасындағы байланысты анықтау мақсатында өткізілген семинарлар саны – 32.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында Google форматында апта сайын тест жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша салыстырмалы мониторинг жасалды. Педагогтардың қатысуымен функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған семинарлар саны – 42.
Дегенмен, пән мұғалімдерінің күнделікті сабақ жоспарларында функционалдық сауаттылыққа қатысты тапсырмаларды беру барысында кейбір кемшіліктер байқалуда.
2024–2025 оқу жылында PISA-based Test for Schools (мектептерге арналған PISA) халықаралық зерттеуіне Б.Адамбаев ТОМ (50 оқушы) және Арыстанды ОМ (6 оқушы) қатысты. Пәндер бойынша PISA тапсырмаларының сұрақтары дайындалып мектептерге таратылды, тест жұмыстары онлайн форматта жүргізіліп, нәтижелері бойынша талдау жасалды.
2025 жылғы PISA негізгі зерттеуіне Сарысу ауданы бойынша Шоқай датқа атындағы орта мектебі қатысты. Аталған білім беру ұйымында зерттеуге қамтылған 15–16 жас аралығындағы білім алушылар саны – 33.
Зерттеуге дайындық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында әдістемелік кабинет тарапынан жеке жұмыс жоспары әзірленіп, пән әдіскерлерінің қатысуымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы бағытта апта сайын Google форматында диагностикалық тест тапсырмалары алынып, тестілеу нәтижелері бойынша салыстырмалы мониторинг жасалып, оқу жетістіктерінің динамикасы тұрақты түрде талданып отырды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тренажер платформасына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы қаңтар айында 24 білім алушымен 2 ай мерзімге келісімшарт жасалды.
Аталған жұмыстың тиімділігін арттыру үшін 2025 жылғы 21–22 ақпан күндері 16 педагог «Тренажерді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында оқыту семинарынан өтіп, тренажер мүмкіндіктерін оқу үдерісінде қолдану бойынша әдістемелік дайындықтан өтті. Нәтижесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған мақсатты дайындық жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды.
2025 жылдың желтоқсан айында аудан бойынша 4 мектеп «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне қатысты: Д.Қонаев, Әйтеке би, Түгіскен, Ж.Отарбаев орта мектептері. Облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің хатына сәйкес, білім бөлімінде «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуін ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылып, іс-шара жоспары әзірленді. Оқушылардан тест жұмыстары алынып, зерттеу жүргізілді.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және ҚР Білім министрлігінің 2023–2027 жылдарға арналған даму жоспары нысаналы индикаторлары аясында PISA халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша функционалдық сауаттылықтың шекті деңгейін еңсерген оқушылардың үлесін 420 балдан 480 балға дейін көтеру жоспарланған.
Мемлекеттік аттестация
Мемлекеттік аттестаттауға 2025 жылы барлығы 9 мектеп және 5 бөбекжай-бақшасы түсті. «Айгөлек», «Жанна», «Балбөбек», «Ақбота» және «Ер Төстік» бөбекжай-бақшалары түгел өтті. С. Сейфуллин ОМ, Ш. Уәлиханов МГ, М. Әуезов ОМ, Қызылдиқан ОМ, М. Әуезов МГ, Абылай хан МЛ, Жайлаукөл ОМ, Б. Адамбаев ТОМ және Үшбас НМ-тері құжаттарын өткізді.
Б. Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің 4,9-сыныптары тесттен өте алмады. Бүгінгі аталған мектептің 4,9- сынып оқушыларынан онлайн, оффлайн түрде пән әдіскерлері тест жұмыстарын алып, дайындық жұмыстарын жүргізуде.Әдістемелік кабинет тарапынан мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мекемелерге 2025 жылдың 02 маусым күнгі №217-Ө, 2025 жылдың 28 тамыз күнгі №252-Ө, 2025 жылдың 08 қыркүйек күнгі №281-Ө, 2025 жылдың 20 қазан күнгі №341-Ө бұйрықтарымен «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу талаптары туралы» ережеге сәйкес, құжаттардың талапқа сай болуын қадағалау мақсатында әдістемелік көмектер берілді.
Әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары
Педагогтерді әдістемелік сүйемелдеуде әдістемелік кабинеттің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың қаңтар айынан бері пән әдіскерлері тарапынан 240 семинар-практикум, 65 дөңгелек үстел, 45 коучингтер, 37 шеберлік сыныптары, 25 әдістемелік десант, 58 вебинар ұйымдастырылды.
Педагогтер жетістіктері
Оқу жылы бойы ауданның педагогтармен өткізілген байқаулар саны-24, оның ішінде облыстық байқаудың қорытындысы бойынша 12 жүлделі орын, республикалық байқаудың қорытындысы бойынша 8, халықаралық байқаулардан 4 жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Педагогикалық хакатон» байқауына ауданнан 5 директордан құралған команда қатысты (Е.Кульбаев, А.Шегирова, А.Сауханов, Д.Бесимбаева, Б.Керимбаева), нәтижесінде ІІІ жүлделі орынға қол жеткізді. Облыстық «Алтын тұғыр» байқауынан Әйтеке би атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Стаханова Сандуғаш Құрманбекқызы, Б.Адамбаев тірек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шилмембетова Юля, Д. Сенбин атындағы орта мектебінен Байгараева Галия жүлделі 3-орын алды. Облыстық «Математикалық регата» байқауынан Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының математика мұғалімі Серікқазина Аяулым ІІ-орынмен марапатталды. Облыстық «Авторлық бағдарлама» байқауына 10 пән мұғалімі қатысып, 8 мұғалім жүлделі ІІ-ІІІ-орындармен марапатталып келді. Республикалық «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» байқауының облыстық кезеңінен Д.Қонаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Совет Қанат ІІІ-орын иегері атанды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған (олимп шыңы) республикалық олимпиадада Ақтоғай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смағанбетова Гулсара Ақтайқызы 3-орынмен марапатталды. Республикалық «Үздік жыл психологі» байқауынан Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологы Қуандық Маржан Талғатқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық математика пәні мұғалімдері арасында өткен «Математикалық регата» олимпиадасында М. Әуезов атындағы орта мектебінен Дәуітбеков Дархан ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Математика және қазақ тілі пәні мұғалімдерінен Сарысу ауданынан қатысқан мұғалімдеріміз де «Жұптық жарыста» жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, математика пәні мұғалімдері Үшарал негізгі мектебінен Жанәбіл Әли, Жаңаталап орта мектебінен Н. Ахбетовтер ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Д. Сенбин атындағы орта мектебінен Е. Нұрланбаев, М. Әуезов атындағы орта мектебінен Д. Дәуітбековтер ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай ақ, қазақ тілі пәнінен ІІ дәрежелі дипломмен Д. Қонаев орта мектебінен А. Кенбаева, М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясынан Тұрлыбекова Гүлжамила, ІІІ дәрежелі дипломмен Д. Сенбин атындағы орта мектебінен Ибадильдаева Дариға, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясынан Нұрғали Тоғалай марапатталды.
Былтырғы оқу жылының кеткен кемшіліктердің ішінде педагогтер арасында озат тәжірибемен алмасу республикалық байқаулар мен жарыстарға қатысу үлесі төмен нәтиже берген болатын. Биылғы оқу жылында педагогтер арасында жетістіктер де, алға ілгерлеу де бар. Дегенмен де, алдағы уақытта ЖОО-ның мамандарымен авторлық бағдарлама, ғылыми жоба мен педидея байқауларының жұмысын бірлесе отырып жасауды жүзеге асыру мақсатында келісімге отыру жоспарланды.
Оқушы жетістіктері
Аудан бойынша мектеп оқушыларының қатысуымен 102 байқау өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар саны-536, оның ішінде облыстық-208, республикалық-316, халықаралық-12.
Оқушылар арасында өткен байқауларға тоқталар болсам: Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 27 оқушы қатысып, ІІ-орын 4 оқушы, ІІІ-орын 13 оқушы алды. Облыстық «Табиғатты аяла» форумынан 9 оқушы, «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу байқауынан 9 оқушы жүлделі ІІ-ІІІ-орындармен марапатталды. Облыстық «Менің кіші Отаным» байқауына 4 оқушы барып, ІІ-ІІІ-орын иегері атанды. Облыстық 2-4 сынып Бастау олимпиадасына 6 оқушы барып, 1 оқушы ІІ-орын, 4 оқушы ІІІ-орын алды. Республикалық Қ.Бітібаева олимпиадасында ІІІ-орынмен, «Маралтай оқулары» атты байқауында жүлделі ІІІ-ші орынмен марапатталды. Республикалық 10-11-сыныптарға арналған «Алтын түлек» олимпиадасынан 5 оқушы жүлделі орындармен және Б.Адамбаев тірек орта мектебінің оқушысы Асылбек Аманкелді ТАРГУ –дің 100%-дық грантына ие болды /ауыл мектептері оқушыларына арналған «Мың бала», жалпы пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасы, ауыл мектеп оқушылары арасында өткен жалпы пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасы т.б.
2026 жылдың қаңтар айында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушыларына арналған республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңіне өткен оқушыларды пән бойынша дайындықтарын күшейту мақсатында білім бөлімінің іс-шара жоспары жасалынып, жоспар бойынша ағымдағы жылдың 29 желтоқсан күні жазба жұмыстары алынып, жазба жұмысының қорытындысы бойынша қатемен жұмыстар жүргізілді. Күнделікті оқушылармен онлайн форматта пән әдіскерлері мен жетекшілері бірлесе отырып дайындық жұмыстарын жан-жақты ұйымдастырды.
Облыстық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша аудан бойынша 18 жүлделі орын бар. Оның ішінде ІІ-ші дәрежелі дипломмен-3 оқушы, ІІІ-ші дәрежелі дипломмен-15 оқушы марапатталды (Ш.Уәлиханов мг-2, Б.Адамбаев том-3, Шоқай датқа ом-1, Б.Қашқынбаев ом-3, М.Әуезов мг-4, Абылай хан мл-1, Ж.Отарбаев ом-1, Д.Қонаев ом-1, Д.Сенбин ом-1, Ақтоғай ом-1, 75 пайызды құрайды).
Мектеп рейтингісі
Білім беру сапасын арттыру мақсатында 2024-2025 оқу жылында аудан бойынша 26 мектептің мектеп рейтингісінің динамикалық көрсеткішінде иннновациялық режимде 2 мектеп (М.Әуезов мг,Б.Адамбаев том) даму режиміндегі мектептер саны-2 (Д.Сенбин ом,Д.Қонаев ом) фукционалдық режиміне 20 мектеп, кризистік режимге түскен мектеп -2 (Қызылдиқан ом, Шағалалы нм).
Кризистік режимге түскен мектептермен жеке іс-шара жоспары жасалынып, әдістемелік көмектер ұйымдастырылуда. Облыстың рейтинг қорытындысы бойынша соңғы 4 жылда шағын жинақты мектептердің рейтингілері жоғары көрсеткіш көрсетті. Ж.Отарбаев атындағы орта мектебі-2019 жылы, Ақтоғай орта мектебі — 2022 жылы, Абай атындағы орта мектебі-2023 жылы және биылғы оқу жылында Сарысу орта мектебінің ұжымы 1 000 000 теңге сыйақы алды.
Жобалар туралы
Аудандағы мектеп кітапханаларында 25 жоба жұмыс жасайды. Оның ішінде М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының «Балалар кітаппен достасады» жобасы мен Д.Қонаев атындағы орта мектептің «Кітап құпиялары» жобасы үздік деп танылып, республикаға ұсынылды.
Сонымен қатар, педагог-психологтарға жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда білім алушылар мен ерекше назардағы білім алушылардың біртұтас жұмыс жүйесін құру мақсатында «Маған қол ұшыңды бер!» жобасы іске асырылды. Жоба аясында жалпы білім беретін мектептерде 5-11-сынып оқушылар арасында І-ші диагностикалау кезеңінде проективті әдістемелер жүргізілсе, профилактикалық, ағарту және түзету-дамыту жұмыстарында метафоралық ассоциативті карталармен (МАК) жұмыстар ұйымдастырылды.
Жобадан күтілетін нәтиже кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда белсенді білім алушылар мен ерекше назардағы білім алушылар бірлескен біртұтас жұмыс жасауға дағдыланады, білім беру ұйымдарындағы білім алушылар кез-келген келеңсіз оқиғаларда бір-біріне қол ұшын беруге үйренеді, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда жағымды көңіл күй өрісін дамыту мен шұғыл көмек беру жодарын қалыптастырады, білім алушылар бірлесіп адамгершілік асыл қасиеттер мен құндылықтарды бойына сіңіре отырып, қиын жағдайлардың әсерін саралау мүмкіндіктерін меңгереді.
Аталған тақырып аясында «Маған қол ұшыңды бер!» тақырыбында білім бөлімінің әдіскері әдістемелік құрал жазып, 2025 жылы облыстық сараптамалық кеңеске жұмысы ұсынылды. Сараптамадан әдістемелік құрал өтіп, хаттамаланды.
2026 жылы аудан көлемінде педагог-психологтарға әдістемелік құрал таратылатын болады.
Ауданның проблемасы: Мұғалімдердің кәсіби білім деңгейі төмен, мониторинг жүргізу жүйесі қалыптаспаған, педагогтардың үздіксіз даму, өзін-өзі жетілдіру, зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізбеуі, «Педагог шебер» санатындағы мұғалімдер үлесінің аздығы. 2025 жылы аттестатциядан өту үшін тестке барып өте алмаған педагог саны- 93, оның ішінде 2 рет барып өте алмағандар – 58 педагог.
Әдістемелік кабинет жұмысын қорытындылай келе кеткен кемшіліктер мен қауіпті жақтарды нақтылай отырып 2026 жылдың жұмысы жоспарланды.