Жаңартылған мектептер: қауіпсіздік пен қолайлылық

0

Сарысу ауданы білім бөлімінің құрылыс инженері Есмаханов Ғалымжан Серікбекұлы

Күрделі жөндеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту мен білім беру нысандарының сапасын арттыру бағытында жүйелі түрде жүзеге асырылды.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 232 967,0 мың теңгеге екі білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Саудакент ауылындағы Б.Қашқынбаев атындағы орта мектепті жөндеуге 113 714,0 мың теңге, ал Игілік ауылындағы Шоқай датқа атындағы орта мектепке 119 253,0 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар толық орындалды.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Жаңатас қаласындағы «Болашақ» бөбекжай-бақшасының ғимаратына күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл мақсатқа 355 119,0 мың теңге қарастырылып жұмыстары толығымен орындалды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды.
Өндіріс ауылындағы Ж.Отарбаев атындағы орта мектептің қоршауына 4 972,8 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді;
Жаңатас қаласындағы Педагогикалық және психологиялық түзету кабинетіне 36 064,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.
Модернизациялау аясында күрделі жөндеуден өткен Б.Қашқынбаев және Шоқай датқа атындағы мектептердің спорт алаңшалары жаңартылып, бұл жұмыстарға жалпы 73 584,0 мың теңге бағытталды. Оның ішінде, Б.Қашқынбаев атындағы мектептің ауласы мен спорт алаңшасына 32 144,0 мың теңге, ал Шоқай датқа атындағы мектептің спорт алаңшасына 41 440,0 мың теңге жұмсалды.
Жайылма ауылындағы Әйтеке би атындағы орта мектептің ауласы мен ғимарат фасадына 57 755,1 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде білім беру нысандарының инфрақұрылымы жаңартылып, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.