Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер

0

Жамбыл облысы, Сарысу ауданында тарих пәні мұғалімдеріне арналған маңызды әдістемелік курс ұйымдастырылды. «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету» тақырыбындағы бұл курс қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді қамтып, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.
Аталған курсты тәжірибелі ұстаз, білікті тренер Аманкул Есмырзаева жүргізді. Курс барысында «Тарих» және «Құқық негіздері» пәндерін оқытудағы жаңартылған мазмұн, оқыту мақсаттарын дұрыс қою және сол мақсаттарға сәйкес нақты оқу нәтижелеріне жетудің тиімді жолдары жан-жақты қарастырылды.
Қатысушылар оқу мақсаттарын күтілетін нәтижелерге бағыттап құрастыру, сабақ барысында функционалдық сауаттылықты дамыту, PISA форматындағы тапсырмаларды тиімді қолдану сияқты маңызды бағыттарда тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, білім алушылардың сыни ойлау, талдау, интерпретация жасау дағдыларын дамытуға арналған заманауи әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Курс аясында мұғалімдер топтық жұмыстар орындап, өзара пікір алмасып, тәжірибелік тапсырмалар арқылы білімдерін тереңдетті. Әсіресе, оқу нәтижесіне бағытталған тапсырмалар құрастыру, дескрипторлар әзірлеу және бағалау критерийлерін нақтылау мәселелері кеңінен талқыланды.
Бұл курс педагогтер үшін тек теориялық білім емес, практикалық тұрғыдан да үлкен тәжірибе алаңы болды. Мұғалімдер өз сабақтарына жаңа тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға және функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік алатынын атап өтті.
Қорытындылай келе, мұндай әдістемелік курстар білім беру сапасын арттыруда, мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беруде ерекше маңызға ие. Сарысу ауданында өткен бұл курс-заманауи білім беру талаптарына сай мұғалім даярлаудың жарқын үлгісі.

Гүлзипа Сыздықова,
Б. Қашқынбаев атындағы орта мектебі

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.