Баршаға ортақ міндет

0

«Тазалық – табалдырықтан басталады»,-демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау-әрбір азаматтың басты міндеті.

Аудан шырайын шұғылалы ету мақсатында сенбі күні аудан бойынша жаппай сенбілік өткізілді.
Сенбілік — тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Олар сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады.
Сенбілікте тазалықты жанына серік еткен аудандық бөлім, мекеме ұжымдары, білім беру ұйымдары, кәсіпорындар мен аудан тұрғындары ерекше белсене атсалысты.
Қала тазалығына үлес қосу-туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Қаланы қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Сенбілікке шыққан әрбір ұжым өздеріне бөлінген аймақтарды тазалады. Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.
Тазалық шарасы, әсіресе, Жаңатас қаласында қарқынды өтті. Барлығы 61 мекемеге қала ішіндегі аумақтар бекітіліп, іс-шара жоспарлары таратылған. Оның ішінде 27 наурыз күні 10 мекеме жұма күні шықса, 28 наурыз күні тазалық жұмыстарына 40 мекемеден 443 адам қатысты. Шамамен 78 гектар аумақ, 540 метр арықтар тазаланып, 43 тонна қоқыстар арнайы орынға шығарылды. Тазалық жұмыстарына сонымен қатар, «Казфосфат» ЖШС-1 «КамАЗ», 1 погрузчик «Жаңатас-Су-Жылу» 1 «МТЗ-82» тіркемесімен, «Сәулет» ЖК – 1 погрузчик және Жаңатас қаласы әкімі аппараты-1 «МТЗ-82» тіркемесімен, «ГАЗ 53» самосвал тартылды.
Сенбіліктер-тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.
Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу берері анық. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайтын тазалақ шараларына алдағы уақытта да белсене қатыссақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ауданымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.