IX ЕСЕП -БЕРУ САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер ұйымының IX есеп -беру сайлау конференциясы өтті. Жиынға аудан әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Қонысбай Ильясов, облыстық мәслихаттың депутаты Айтбала Жолмаханова, ауданның Құрметті азаматы Бөлтірік Ильясов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Конференция жұмысын аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда жүргізді. Күн тәртібінде «Аудандық ардагерлер ұйымының 2025-2025 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы жұмыс бағыттары туралы» және «Аудандық әкелер кеңесінің атқарып отырған жұмыстары туралы» мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қаралып, хаттамаға енгізілді. Аудан басшысы Сәкен Мамытов ардагерлер ұйымының жұмысы қоғамда қашан да маңызды екенін тілге тиек етіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Конференция жұмысын қорытындылаған облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Қонысбай Ильясов бірқатар ардагерлерді республикалық және облыстық ардагерлер ұйымының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.

С.Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.