Тұрғындарды жеке мәселемен қабылдады

0

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
Апта ішінде аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, әлеуметтік көмек сияқты мәселелерін айтты.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер бойынша жан-жақты зерделеп, жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.