Таза Қазақстан: Жамбыл облысында 9 мыңнан астам ағаш көшеті егілді

0

28 наурыз, сенбі күні Мемлекет басшысының бас­тамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Жамбыл облысында сенбілік өтіп, 9 мыңнан астам ағаш көшеті егілді.

Облыс әкімі Тараз қаласына қарасты «Бәйтерек» шағынауданында бой көтеретін жаяу жүргіншілерге арналған аллея аумағына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл күні көне шаһардың әр аймағында 2 000 ағаш егілді.
Өңір басшысы сенбілікте аға буын өкілдері мен жас­тар табиғатқа деген жанашырлықтың мәнін іс жүзінде дәлелдегенін атап өтіп, тұрғындардың белсенділігін жоғары бағалады.
– Жаңарған Ата Заңымызда табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән берілген. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, тазалық – әр адамнан, әр үйден, әр көше мен әр қаладан басталуы тиіс. Бұл – бір күндік шара емес, баршамыздың өмір салтымызға айналуы қажет маңызды құндылық.
Қасиетті Әулиеата өңірінің тұрғындары бұл бастаманың маңызын терең түсініп, қоршаған ортаны қорғау жолында әрдайым белсенділік пен жауапкершілік танытып келеді, – деді Ербол Қарашөкеев.
Айта кетейік, 2026 жылдың наурыз айынан басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбіліктерге 15,6 мың адам және 840 кәсіпорын мен мекеме қатысты. Осы шаралар барысында 29,6 мың жасыл желек отырғызылды, 1,1 мың шақырым көше жолдары, 318 шақырым арық жүйесі мен каналдар, сондай-ақ 68,8 мың шаршы метр саябақ пен сквер аумағының тазалығы қамтамасыз етіліп, 1,3 мың тонна күл-қоқыс шығарылды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі


В субботу, 28 марта, в Жамбылской области в рамках экологической акции «Таза Қазақстан», реализуемой по инициативе Главы государства, прошёл масштабный субботник. В ходе мероприятия было высажено более 9 тысяч саженцев деревьев.

Аким области Ербол Карашукеев принял участие в озеленении аллеи в микрорайоне «Бәйтерек» города Тараз. К акции активно подключились жители и других микрорайонов города. В областном центре в этот день всего высадили порядка двух тысяч деревьев.
Глава региона подчеркнул, что участие жителей разных поколений стало ярким примером бережного отношения к окружающей среде, и отметил высокую гражданскую активность населения.
— В новой Конституции особое внимание уделено вопросам охраны окружающей среды и формированию экологической культуры. Как отметил Глава государства, чистота должна начинаться с каждого человека, каждого дома, каждой улицы и каждого города. Это не разовая акция, а важная ценность, которая должна стать частью повседневной жизни, — отметил аким области.
С начала марта в субботниках приняли участие более 15,6 тысячи человек и 840 организаций. За это время высажено 29,6 тысячи деревьев, очищено 1,1 тысячи километров улично-дорожной сети, 318 километров арыков и каналов, а также 68,8 тысячи квадратных метров парков и скверов. Вывезено около 1,3 тысячи тонн мусора.

Пресс-служба акима Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.