Ұйымшылдық көрсетіп, дауыс беруге шақырамын

0

Мен Ермекбаев Ғалымжан Біржанұлы 2006 жыл қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Игілік ауылында дүниеге келдім. Әкем Шынтаев Біржан құрылысшы, анам Күйкентаева Нұргүл аудандық ауруханада жұмыс жасайды. 2013 жылы Игілік ауылындағы Шоқай датқа атындағы орта мектептің табалдырығын аттадым. Кейін Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясына ауыстым. Жаңатас қаласындағы Бокс мектебіне барып, бокстан жаттықтырушы Нұржан Жолдасбеков республика,облыс, аудандық чемпионаттарға қатысып, аудан намысын абыроймен қорғап КМС-орындадым. Бұл да бір тәртіп, термен келген жетістіктің бірі.
Елімізде 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық жұмыстары және ауданымызда референдумның маңыздылығы, оның ел дамуына қосатын үлесі және қоғам үшін өзекті тұстары жан-жақты түсіндіріріліп, жиындар өткізілуде.
15 наурыз күні маңызды саяси оқиға – референдум өтеді. Бұл – ел болашағына қатысты шешім қабылдауға әр азаматтың тікелей қатысу мүмкіндігі.
Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды! Белсенді азаматтық ұстаным – ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі.
Бұл – әр азаматтың ел болашағына тікелей ықпал ететін тарихи сәті.
Еліміздің, жастардың болашағы үшін 15 наурызда референдумға барып, өз таңдауымды жасаймын. Аудан тұрғындарын бірге ұйымшылдық көрсетіп, дауыс беруге шақырамын.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.