ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ — ЖАУАПКЕРШІЛІК АРҚАЛАҒАН АУҚЫМДЫ НАУҚАН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан жалпыхалықтық референдум — халық пен биліктің ашық диалогін қалыптастыратын алаң. Осынау маңызды науқанда сарысулықтар шет қалмай референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Таңнан бері келіп жатқан халықтың қарасы мол. Тұрғындар еліміздің болашағына бей — жай қарамай кезекпен дауыстарын беріп жатыр. Ұлтымызды бір арнаға ұйыстырған саяси алаң N 369 референдум учаскесінде де белсенді өтуде. Мұнда жиналған халық шад — шадыман күй кешіп, тарихи оқиғаға қатысып, өз қолтаңбаларын қалдыруды асыл міндет санайды. Аудандағы ахуал әзірге тұрақты. Референдум кезінде құқықбұзушылық әрекеттері орын алмады.