ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0

Ауданымызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумды түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Осыған орай, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері М. Есмұрзаев, Г. Мороз, Д.Ақділда «ЕвроХим-Каратау» ЖШС-нің мәжіліс залында кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары кеңінен түсіндіріліп, референдумның маңызына тоқталды. Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістердің елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға және мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.
Сонымен қатар елімізде жүзеге асырылып жатқан жаңа конституциялық реформалардың маңыздылығын жан-жақты атап өтіп, жаңартылған Ата Заңның негізгі қағидаттары мен оның қоғам өміріне әкелетін оң өзгерістерін кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар жаңа Конституциялық жобаның мәтінінде ел дамуының басты негізі ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация айқындалатыны, цифрландыру үдерісіне байланысты азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау нормасы алғаш рет енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатын бекіту – ұлт болашағы үшін маңызды қадам екенін жеткізді. Осы ретте Конституциялық жаңғыру мемлекет дамуының жаңа сапалық кезеңіне өтуіне негіз болатын бірден — бір қадам екенін айтты.
Жиын барысында кәсіпорын қызметкерлері өз сауалдарын қойып, пікір алмасты. Ақпараттық топ мүшелері қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.