ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
ТАРИХ ЖЫЛНАМАСЫНАН ӨЗІНІҢ ҚАРАЛЫ, НӘУБЕТ ЖЫЛДАРЫМЕН ОРЫН АЛҒАН ЗҰЛМАТТЫҢ БІРІ –АУҒАН СОҒЫСЫ. БИЫЛ 15 АҚПАН КҮНІ КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 37 ЖЫЛ ТОЛДЫ.
Бұл күн Ауған қасіретін еске алатын, жас өмірін қиған боздақтардың рухына тағзым ететін күн. Кешегі батыр бабаларымыздың заңды жалғасы бүгінгі жауынгер ағаларымыздың ерлігі — елге мұра, ұрпаққа ұран болуы шарт. Осы орайда, қаламызда ауған соғысында қаза болған интернационалист-жауынгерлерге қойылған монумент-ескерткішке тұрғындар жиналып Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, майдангерлер рухына тағзым етті.
Салтанатты шараға ауған соғысы ардагерлері мен мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары, ауған соғысынан оралмаған жерлестеріміздің туған-туыстары қатысты.
Жиында ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Сыздықбаев сөз сөйледі.
-Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлеріміз бен ардагерлеріміздің ерлігін еске алуға жиналып тұрмыз. Сол сұм соғыстың аяқталғанына биыл 37 жыл толып отыр. Олардың көбі бүгінде ортамызда жоқ, қаруластарымыздың кейбірі одан кейін де түрлі себептермен өмірден өтті. Ауғанстан жеріндегі майдан — біз үшін де ел тарихында елеулі орын алатын оқиғалардың бірі. Оған қатысқан боздақтарымыздың жасаған ерлігі әрқашан жадымызда,-деді.
Жиналғандар майдан даласында ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
С. Есқара, «Sarysý»