Желтоқсанның мұзда жанған алауы
Тәуелсіздік күні аудандық «Коворкинг» орталығында аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қабылдады.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Жаркенов құттықтау сөз сөйледі:
-Тәуелсіз Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен желтоқсан оқиғасы қатысушыларының ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғырары сөзсіз. Өйткені дана халқымызда «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» деген аталы сөз бар.Сондықтан, аязды күні еліне, жеріне деген адал махаббатын ту етіп, мұз жастанған қайсар жандармен кездесудің мәні де жоғары деп білеміз.
Жыл сайын тарихи маңызы зор бұл күн тәуелсіздік мейрамымен тұспа-тұс келеді.Бүгінде, бүкіл ел болып тойлап отырған Тәуелсіздік мерекеміз де сол «Желтоқсан оқиғасының» жемісі деуге болады. Қазіргі уақытта Сіздер әр салада табысты еңбек етіп жүрсіздер. Соның арқасында ауданымыз күн санап дамып келеді. Көптеген игі істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз арта түсуде. Халық санында да өсім бар. Бұл көрсеткіштер — Тәуелсіздік жылдарында бір кісідей атқарған жемісті еңбегіміздің жемісі, — деді.
Одан кейін Жамбыл облысы «Желтоқсан- 86» қоғамдық бірлестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінің төрағасы, қоғам белсендісі Нұржан Есмаханов сөз алып, желтоқсан оқиғасы туралы айтып өтті.
Шара барысында, бірқатар желтоқсаншылар «Ауданға сіңірген еңбегі үшін » төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталып, бірқатарына «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің мүшелік туралы куәлігі тапсырылды.Шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық мәдениет үйінің әншілері патриоттық рухта әндерді шырқады.
Сәулет РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»