ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні — ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойғы арман-тілегінің ақиқатқа айналған, ғасырлар тоғысында бой көтерген тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты мерекесі. Тарихта қалған тәуелсіздік күнін қастерлеу, құрметтеу, жас ұрпаққа жеткізу бүгінгі біздің басты парызымыз.
Осы орайда Жаңатас қаласындағы «Еңбек ерлері» аллеясы, «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Жиналған қауым елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиған ерлердің рухына бір минут үнсіздік жариялап, тағзым етті.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Жаркенов, аудандық мәслихаттың төрағасы Ш. Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, желтоқсан оқиғасының куәгерлері, мекеме, кәсіпорын басшылары және қызметкерлері желтоқсан куәгерлерін еске алып, гүл шоқтарын қойды.