Ауылдық аймақтарда атқарылған жұмыстар ауқымды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің 2026 жылға арналған халықпен тұрақты кездесулерінің күнтізбесі бекітілген.
Осыған орай, апта ішінде ауданымыздың қара шаңырағы Саудакент ауылындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Сәкен Мамытовтың 2025 жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есеп беру жиыны өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, аудандық ардагерлер, алқа билер кеңесінің төрағалары, мекеме, кәсіпорын басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуында атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы атқарылатын негізгі міндеттер туралы баяндады.
-Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысымен Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша қазіргі таңда ауданымызда тіркелген 1 542 шаруа қожалығының 1 421-і белсенді жұмыс атқаруда. 2025 жылы егістік алқаптарының 23 150 гектарына дақылдар егілді. Тәлімді егістік алқаптарына 1 724 тонна тұқым себу қамтамасыз етілді. Шаруа қожалықтары тарапынан 3 575 тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Оның құнының 50%-ы субсидиялауға жатады. Шаруашылықтар 1 030 тонна жеңілдетілген дизель отынына қол жеткізді. Дизель отынының бағасы 254 теңге/литріне, бұл нарық бағасынан 15% төмен. 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына және жазғы егін жинау жұмыстарына шаруашылықтар тарапынан 1480 тонна дизель отынына өтініш жолданды.
Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 305 млн. теңгеге 42 жоба несиелендірілді.
Шаруа қожалықтардың жұмсаған шығындарының бір бөлігін қайтару бойынша ауданымыздан шаруа қожалықтары 675 млн. теңгеге субсидиялауға өтініш жолдады. Бүгінгі таңда, оның ішінде 90 шаруа қожалыққа 354 млн. теңгесі төленді, ал қалған 321 млн. теңгенің өтініштеріне 2026 жылдың І-тоқсанында төлем жасалатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудандағы 13 000 гектар жайылымдық жерді кері қайтару жоспары бекітілді. Нәтижесінде бүгінде пайдаланылмай жатқан 15 146 гектар жайылымдық жер қайтарылып, жоспар 117%-ға артығымен орындалды.
Бұдан бөлек, аудан көлемінде комплексті ветеринарлық нысандардың құрылыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 5 вет. пункт, 8 мал емдеу орны (раскол) және 8 мал шомылдыру орнының (купка) құрылысы аяқталды. Бүгінде аталған нысандарды сатып алу және құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде,-деп жыл ішінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Сондай-ақ, өткен есептік жиында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын тілге тиек етті.
Жиында тұрғындар тарпынан ауылдық емханадағы рентген мәселесі, мәдениет үйінің лэд экран жөндеу, метостанция жолын салу және Саудакент-Тараз бағытына қатынайтын автобус мәселесін қозғады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары аудан басшысына мәселелерді оң шешімін табуға ықпал етіп жүргені үшін алғыстарын да жеткізді.
Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша Заң аясында жауап беріп, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Айтылған мәселелер бойынша Заң аясында жауап беріп, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Сонымен бірге айтылған ұсыныс-пікірлердің назардан тыс қалмай ескеріле отырып, жұмыс барысында назарда болатынын жеткізді.
Ауыл тұрғындары табысты атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, аудан әкімінің алда атқарылатын жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.
Одан кейін аудан әкімі С.Мамытов Жаңаталап ауылындағы клуб үйінде тұрғындармен кездесу жиынын өткізді.
Кездесу барысында аудан басшысы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларына жан-жақты тоқталып өтті.
Сонымен қатар аудан көлемінде және шалғайдағы ауылдардың тыныс-тіршілігіне қатысты есепті мерзім ішінде жүзеге асқан оң істерге, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына, сондай-ақ алдағы міндеттер мен шешімін күткен түйінді мәселелерге кеңінен тоқталды. Сондай-ақ өткен есептік кезеңде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу барысына тоқталды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары Тасарық каналын жөндеу туралы, ардагерлерге тегін дәрі-дәрмектерді жеткізу және ауыл әкімімен жиналыстарды жиі өткізу мәселелерін қозғады.
Жиын соңында ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі. Екі ауылда өткен есептік жиыннан кейін аудан басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын кеңінен насихаттау және оның негізгі бағыттарын түсіндірді.
Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»