БҮГІНГІ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ — ЕРТЕҢГІ ЖЕТІСТІКТІҢ КЕПІЛІ

0

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Шығармашылық мамандықтар» факультеті педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті педагог кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Факультетте «Дене шынықтыру және спорт» (IP), «Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері» (IP), «Көркем еңбек және сызу», «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламалары бойынша болашақ мамандар даярлануда.
Факультеттің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие және спорттық бағыттағы кешенді жұмыстары студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырумен қатар, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Факультет құрамындағы «Дене шынықтыру және спорт» және «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедраларының ғылыми-зерттеу қызметі жүйелі түрде дамып, отандық және алыс-жақын шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық ынтымақтастық байланыстары жылдан-жылға кеңейіп келеді.
Аталған халықаралық серіктестік аясында студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қытай, Польша, Болгария, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және өзге де мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес қалалық білім беру ұйымдары мен мекемелерінде студенттердің өндірістік практикасын нақты жұмыс орындарында ұйымдастыруға бағытталған дуалды оқыту жүйесі табысты жүзеге асырылып келеді.
Бүгінгі таңда Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті- оқу үдерісі мен студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға толық жағдай жасалған, дамыған инфрақұрылымы бар жоғары оқу орны. Университеттің оқу ғимараттары заманауи зертханалармен, дәрісханалармен, әдістемелік және заманауи жабдықталған кабинеттерімен, компьютерлік және интернет-аудиториялармен, интерактивті тақталармен, электрондық оқу залдарымен жабдықталған.
Студенттердің салауатты өмір салтын қалып­тастыруына және спорттық жетістіктерге жетуіне университеттің спорт кешені, кіші футбол, баскетбол және жағажай волейболы алаңдары кең мүмкіндік береді. Спорт кешенінде жаттығу, гимнастика және тренажер залдары, студенттердің демалысына арналған «Қысқы бақ» орналасқан. Білім беру бағдарламалары аясында облыстық және қалалық мекемелермен жасалған келісім шарттар негізінде өндірістік практика мен кәсіби даярлық тығыз байланыста жүргізілуде.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары, ҚР Қарулы Күштерінің запастағы офицерлері, Ресей және Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Петров атындағы Ғылым және өнер академиясының мүшелері, ғылым магистрлері қызмет атқарады.
Факультет түлектері университеттің абыройын асқақтатып жүрген мақтаныш иелері. Олардың қатарында: бокстан WSB тұжырымы бойынша екі дүркін әлем чемпионы, «Елорда кубогі» турнирінің жеңімпазы Асланбек Шымбергенов, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов, кикбоксингтен әлем чемпионы Дінмұхамед Баймұратов, әлем және Азияның екі дүркін чемпионы Мақсат Үсіп, дзюдо күресінен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері Данияр Шамшаев, армрестлингтен әлем чемпионы Сандуғаш Сейдіш және өзге де халықаралық, республикалық деңгейдегі жеңімпаздар бар.
Шығармашылық бағытта да факультет студенттері жоғары жетістіктерге жетуде. StartUp Orda және Astana Hub ұйымдастырған «IDEA BATTLE» республикалық стартап жобалар байқауында Абумансур Тұрар «Үздік спикер» номинациясын иеленіп,
Факультет студенттері жыл сайын өткізілетін ЖОО студенттерінің республикалық пәндік олимпиадаларында тұрақты түрде жүлделі орындар иеленіп келеді. Атап айтқанда, «Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша — I орын, «Дене шынықтыру және спорт» бағдарламасы бойынша — II орын, «Бастапқы әскери дайындық» бағдарламасы бойынша — II орын бірнеше жыл қатарынан иеленіп отыр.
Сонымен қатар факультет студенттері спорттың әр түрінен Азия, әлем және республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. XIII жазғы Универсиадада Қазақстанның 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысып, Шерхан университетінің командасы ТОП-10 үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді.
Университетте білім алып жүрген талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп, спорт, ғылым және өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін мемлекеттік гранттар, «Қазақстан халқына» қорының гранттары және университеттің ішкі 100- гранттары тағайындалады.
Алдағы уақытта да Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті қабырғасынан ел абыройын халықаралық деңгейде танытатын, білімді де білікті, шығармашыл жас мамандардың түлеп шығатынына сенім мол.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық
Тараз университетінің «Шығармашылық мамандықтар»
факультетінің профессор-оқытушылар құрамы

Leave A Reply

Your email address will not be published.