Қазақ поэзиясының қара нары

0

Сарысу аудандық орталық кітапханасы «Коворкинг» орталығы мен «Абонемент» бөлімiнiң ұйымдастыруымен Қазақ жырларының Хан тәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл толуына орай «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кеш өткізілді.Кеште кітапханашы Ақжарқын Жанжолова бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында өмірге іңкәр, сыршыл да сезімтал қазақ халқының ұлы ақыны М.Мақатаевтың ұлан-ғайыр өшпес мұралары, өмірбаяны жайлы сыр шертсе, кітапханамыздың белсенді оқырмандары Нұрсұлтан Аужан «Үш бақытым», «Шеше, сен бақыттысың», Асқар Нұрмахан «Ей, өмір», кітапхана қызметкерлерi Жазира Әбдiрахманова «Әке», Iңкәр Саспақова «Шыда» өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп оқып, сонымен қатар кiтапхананың тұрақты оқырманы Құралай Есеналиева- М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэма­сына тоқталып, оқырмандардың жүрегін елжiреттi. Кітапхана қызметкерлері Бақытжан Алиев «Есiңе менi алғайсың» ақынның өлеңіне жазылған әнiнен шашу-шашса, кітапхана қызметкері Луиза Рахымбаева «Поэзия- Мұқағали әлемi » атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Көрмеге ақынның томдық шығармалары, «Аманат», «Өмірдастан», «Тамаша айым-тамызым», «Үш бақытым» Қ.Әлімқұлов «Мәңгілік ғұмыр иесі» атты кітаптары қойылды.

Жазира Әбдiрахманова, кiтапхана қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.