Басты міндет

0

Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында Сарысу аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Қ. Ғалымжанұлы «Әкімшілік айыппұлдар салу, өндірудің жағдайы және қылмыстық істерді электронды нысанда жүргізуді қамтамасыз ету шаралары туралы» баяндама жасады.
Одан кейін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ. Сәлимованың «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес бекітілген «Әр түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» орындалуы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар» туралы есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін және лудомания профилактикасын алдын алу туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры М. Прімбек жыл ішнде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Комиссия отырысында құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары және шығарылатын мәселелер тізімі бекітілді. Аудан басшысы баяндамашыларға құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жандандыру туралы тиісті тапсырмалар жүктеді.

С. РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.