ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

0

Құқықбұзушылық-бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқықбұзушылықтың алдын алу-мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар болып табылады.
Осындай іс-шара осы аптаның сейсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуроры Елдос Әмірханның төрағалығымен мекемеаралық мәжіліс өткізілді.
Басқосуға аудан әкімі Сәкен Мамытов және мекеме-кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, ішкі істер бөлімі мамандары қатысты.
Күн тәртібінде «Құқықбұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандармен, есірткі заттарының заңсыз айналымымен, алаяқтық пен интернет алаяқтық, жол-көлік оқиғалары, отбасылық-тұрмыстық саласындағы қылмыстарды алдын алу профилактикасы саласында уәкілетті органдармен қабылданған шаралардың тиімділігі» туралы Сарысу ауданы прокурорының орынбасары Досымжан Махажанов, аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Аслан Жақыпбеков баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан прокуроры Елдос Әмірхан аудандағы құқықбұзушылықтың алдын алуда тиісті жұмыстар жасау қажеттігін айтты.
Қылмыстық заңда кәмелетке толмағандарға арналған арнайы бөлімінің пайда болуы бұл еліміздің қылмыстық заңының жоғары даму деңгейін көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықпен күресу – қылмыстылықпен күресудің басты бағыттарының бірі. Қорытындылай келгенде кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі қазіргі кезде тек криминологтарды толғандыратын мәселе емес, бүкіл халқымызды толғандыратын мәселе.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.