Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

Аудандық орталық ауруханада міндетті медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова, аудандық орталық аурухананың қызметкерлері мен аудандық санитарлық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты.
Күн тәртібінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша деректерге талдау жүр­гізіліп, иммунопрофилактиканың орындалу деңгейі мен жылдық жоспардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жұмабекұлы күн тәртібіндегі көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеп, басты мақсат — міндетті медициналық сақтандыруды жүйелі жолға қою туралы айтты.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.