Артық білім кітапта…

0

«Үміт сәулесі» мақсатты бағдарламасы аясында Жаңатас қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Әр бала әлемге жарық сыйлайды» библио drive өтті. Іс-шараның мақсаты: балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және әр баланың бойындағы талант пен мүмкіндікті ашу.
Библиодрайв барысында қатысушыларға балалар әдебиетінің үздік туындылары таныстырылып, кітапханашылар кітапханаға түскен жаңа кітаптарға шолу жасады. Тәрбиенушілерге сергіту сәті ретінде көңілді бояғыштар ұсынылды. Сонымен қатар балаларға арналған танымдық сұрақ-жауап, ойындар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Іс-шара балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге, қиялын дамытуға үлкен ықпал етті.

С. РЫСБЕКҰЛЫ, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.