Кезектен тыс сессия өтті

0

Кеше сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 51-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудан әкімінің орынбасары, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның күн тәртібінде: Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №48-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бірлескен тұрақты комиссиялар және сессия отырысында тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.