ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ
АПТА ІШІНДЕ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ И.ДОМАЛАҚОВТЫҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Н.Молдабеков, мекеме, кәсіпорын басшылары, құзырлы орган қызметкерлері, ардагерлер, кала тұрғындары қатысты.
Кездесуде қала әкімі И.Домалақовтың 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар және 2026 жылдың алдағы міндеттері туралы есебі тыңдалды.
-2025 жылы өнеркәсіп өнімдерінің құны 95,9 млрд. теңгені құрады, 2024 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 16,6 млрд. теңгеге артты (121 %) 2024 жылы өндірген өнім көлемі – 79,3 млрд. теңге.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 38,1 млрд. теңгені құраса, 2024 жылдың осы көрсеткіші – 28,9 млрд. теңгені құрады, яғни 9,2 млрд. теңгеге артып отыр (131% ).
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша бүгінде қалада 18 шаруа қожалығы жұмыс істеуде. Бұл шаруа қожалықтары 56 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Мал басы саны 114 басқа артты (мүйізді ірі қара 28 басқа, жылқы 22 басқа және құстар 43 басқа).
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын оқшаулауға 3 кезеңді дезинфекциялау жұмыстары ұйымдастырылып, 1391 жеке тұрғын үйдің қора-жайлары залалсыздандырылды.2025 жылы қаламызда 16 мәрте азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Ал, кәсіпкерлік саласы бойынша жалпы, бүгінде 1146 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп тұр, өткен жылмен салыстырғанда 106 бірлікке (110%) артты.
Бұл кәсіпкерлік субъектілері 2296 азаматты жұмыспен қамтып отыр.2025 жылы ауыл аманаты бағдарламасы аясында 5-ші бағыт кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 25 жоба мақұлданып, қала кәсіпкерлері 178 млн. теңге алды, 46 азамат кәсіптерін бастауға қайтарымсыз грант алған.
Бюджет бойынша өнеркәсіп орындары санының артуы арқасында бюджетке түсетін салық түсімдері де ұлғаюда.
2025 жылы бюджет кірісі 398,8 млн. теңгені құрады.
Тұрғындарды әлеуметтік қолдау шаралары да тұрақты ұйымдастырылып келеді.
2025 жылы 162 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 33 (137 адам) отбасыға 716,1 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді. 2024 жылы 198 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 49 (144 адам) отбасыға тұрғын үй жердемақысы төленді 607,8 мың тг.).Қазіргі таңда қаладағы тұрғын үй кезегінде 2522 азамат тіркелген. (жер кезегі – 1633 адам тұр.)
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 5А шағын ауданнан 191,5 млн. теңгеге екі үй сатып алынып, тізімде тұрған тұрғындарға берілді. (5А ш/а №3-102,2 млн. тг, №7 89,3 млн. тг)
Жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен 6 шағын ауданнан 60 пәтерлі үйді салу құрылысын атқаруда. Үйді салу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін коммуналдық меншікке сатып алу жұмыстары жүргізілетін болады.
Оған қоса 1,9 млрд. теңгеге 80 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына арналған жоба әзірленген. (6 ш/а №№ 16, 17 үйлер). Бүгінде қаламызда 12 білім нысандары мен 3 спорт мектептері орналасқан. 52 спорт нысандары тәулік бойы қала тұрғындарына қолжетімді.
2025 жылы қала аумағында 186 мәдени іс-шара өткізіліп, 14,9 мыңға жуық тұрғындар қамтылды. Қаламызды абаттандыру, тазалығын қамтамасыз ету — біздің басты мақсатымыз.Бүгінде қала тазалығына 7 арнайы техника, 24 ақылы қоғамдық жұмысшы жұмылдырылған. «Таза Қазақстан», «Таза Қазақстан – таза Жаңатас», «Жасыл қала» атты тазалық акциялары ұйымдастырылып, нәтижесінде 10,5 шақырым арықтар 4 мәрте тазаланып, қала көлемінде 182 тонна күл-қоқыстар шығарылды.Демалыс орындары мен саябақтарға 2500 түп тал мен 15206 дана гүл көшеттері отырғызылды.
5,6 млн. теңгеге орталық алаңдағы қоршаудың фундаменті керамогранит плиталарымен қапталды. 9.5 млн. теңгеге 5 дана аялдамалар орнату жұмыстары атқарылды.654 мың теңгеге Жаңатас қаласында орындықтар мен урналар орнатылды. 2,3 млн. теңгеге қылқан жапырақты ағаштарды бүрку және тыңайту жұмыстары, 5,8 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы іс-шараларға жиналатын шатырлар мен үстелдер жасалды.14,9 млн. теңгеге Жаңатас қаласы 2 шағын ауданы №6 үйдің қасбеті сырланды және түнгі жарықшамдар орнатылды. 15,4 млн. теңгеге «Даңқ» монументіндегі ескі брусчатка ауыстырылды. 5,1 млн. теңгеге Жаңатас қаласының орталық алаңының сахнасына инженерлік желілер тартылды. 1,2 млн. теңгеге қаладағы аялдамаларды ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. 6,3 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы саябақтар мен аллеяларды және 15,1 млн. теңгеге фонтандарды күтіп ұстау, 7,4 млн. теңгеге көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен жертөлелерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізілсе, 13,1 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы 3 шағын ауданы №31 үйдің алдына футбол алаңшасы орнатылды. 9,4 млн. теңгеге қаладағы кіші футбол алаңшаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 15,5 млн. теңгеге Байсейтова көшесіне жасыл белдеу және тамшылатып суару жүйесі орнатылды. 6,3 млн. теңгеге Бүркітті өзенінің жағалауын су тасқынынан нығайту және арнасын тазалау, 9,5 млн. теңгеге қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі ғимаратының шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тоқ көзі арқылы көтеріп, түсіретін механизм орнатылды.
Жолдардағы таңбаларды сызып, қайта жаңарту жұмыстары атқарылды.13,3 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы жолдардың шұңқырлары жөнделді. 5 млн. теңгеге 3 шағын аудан №50 көпқабатты тұрғын үйдің алдына автотұрақ салынды.
7,8 млн. теңгеге қыс мезгілдерінде жолдарды күтіп ұстау жұмыстары атқарылды.14,5 млн. теңге 5-ші шағын ауданға электр жүйесінің қондырғылары орнатылды. 12,5 млн. теңгеге бейнебақылау камералары қойылып, 8,6 млн. теңгеге 1 жиынтық сирена сатып алынды. Бейбітшілік және Әулие ата көшелеріндегі жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлардың бойларына түнгі жарықшамдар орнатылды. 5,3 млн. теңгеге Жаңатас қаласындағы аркаларды ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 39 млн. теңгеге «Жаңатас ВЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есебінен Д.Қонаев мектебінің алдына фонтан салынып, брусчатка төсеу, автотұрақ салу, қоршау орнату жұмыстары атқарылды. Шейн аллеясын 3 бөлікке бөліп, Отбасы аллеясы, Дене шынықтыру аллеясы, Ұлттық аспаптар аллеясы болды. Қазіргі танда, Сhina National Chemical Engineering мекемесі 1 бөлігін яғни, дене шынықтыру аллеясының құрылысын жасап беруге келісім берді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылы қала тұрғындарымен 16 кездесу өткізіліп, 2147-ден аса тұрғын қатысты. Біздің мақсатымыз – елмен тығыз араласу, халыққа мемлекеттік қолдауларды кеңінен жеткізу. Қаламыздағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде тиісті шаралар қабылдау.
Сонымен қатар қаладағы бей-берекет жатқан қоқыстар тазаланды,-деп жүзеге асқан жұмыстарға жан-жақты тоқталып, биылғы жыл ішінде жүзеге асатын ауқымды игі істерді тілге тиек етті.
Жиын барысында тұрғындар жарыссөзге шығып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жұмыссыздық, балалар ойнайтын алаңшаларды салып беру, абаттандыру жұмыстары туралы мәселелер көтерілді. Жиынды қорытындылаған қала әкімі И.Домалақов ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөнінде арнайы іс-шаралар жасалып, заң аясында шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
С. РЫСБЕКҰЛЫ, «SARYSÝ»