Сыбайлас жемқорлық — қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі

0

Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады, Жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде танылып отырғандығы баршамызға мәлім. Ол мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздігінің жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның барлық құрамдас бөліктеріне де зиянды әсер етеді.

Қазіргі таңда қоғамымызға, қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.
Сыбайлас жемқорлық-пен күресті жеке қарау мүмкін емес, қылмыстарды болдырмау мен алдын алу баршамызға ортақ міндет болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау — әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.
Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.
Жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Дүние-байлық неге керек, денсаулығы болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз елімізде еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, олардың шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болуының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі нақты шаралар қабылдануда.
Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, тегіс қарсы болғанда ғана бұл індетті жоймақпыз. Бұл індетті жою – бізге міндет. Жемқорлық қоғамға ғана залалын тигізіп қоймайды, сенің өміріңді құрдымға жіберер кесапат. Қоғамдағы болып жатқан әртүрлі көрініс болсын, соның бір картинасы жемқорлық деп елестетуге болады. Кінәлі адамдардың қылмысын әшкере ету де жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Ақпарат тасқынында судай бұрқырап аққан бұл кесапатқа жоламауды, оны жолатпауды көздейік.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік қызметкерлер мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Қамқалы ауылдық округі әкімі аппараты КММ

Leave A Reply

Your email address will not be published.