Қарттарға құрмет көрсетілді

0

Аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңа жыл мерекесінде ауданымыздағы бірқатар қарттардың шаңырақтарына барды. Алдымен ауданымыздағы ең қарт ана, өзінің 104-ші жаңа жылын қарсы алып отырған, екі ғасырдың куәсі болған Өндіріс ауылының тұрғыны Бибайша Өмірбаева әжейге барып, мерекемен құттықтады. Ізгі тілегін арнаған аудан басшысы ардақты әжейге зор денсаулық тіледі. Өз кезегінде Бибайша Өмірбаева жаңа жыл жақсылығымен келсін деп, ақ батасын берді.
Сондай-ақ аудан басшысы Саудакент ауылының тұрғыны, тыл ардагері Ермекбай Ақылбеков қарияның үйіне де арнайы кіріп, мерекемен құттықтап шықты.
Сонымен қатар аудан әкімі аппаратының басшысы Құдайберген Рысдәулет, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев және Жаңатас қаласының әкімі Илияс Домалақов Жаңатас қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Тәжікүл Нұрымбетованың үйіне барып, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Құдайберген Жамбылұлы Тәжікүл апаға қажымас қайрат, отбасына амандық тілеп, аудан әкімі Сәкен Мамытовтың атынан сый — сияпат жасады. Жаңа жыл мерекесінде Тәжікүл апа мерекеде құттықтап келген аудан басшылығына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

С. РЫСБЕКҰЛЫ. «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.