Мазмұнды сұхбат
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты Түркістан газетіне берген сұхбаты – еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының қазіргі кезеңін жан-жақты ашып көрсететін маңызды әрі мазмұнды сұхбат. Мемлекет басшысы бұл сұхбатта жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, олардың ел болашағы үшін стратегиялық маңызын нақты әрі түсінікті түрде баяндады.
Президент атап өткендей, Қазақстан үшін жаңғыру – бір сәттік науқан емес, ұзақ мерзімді әрі жүйелі процесс. Саяси жүйені жаңарту, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, экономиканы әртараптандыру секілді бағыттар елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері реформалардың басты өзегіне айналып отыр.
Сұхбатта айтылған басымдықтар Қазақстанның жаңа даму моделіне көшкенін айқын көрсетеді. Мемлекет басшысының ойлары ел дамуының нақты жол картасы ретінде қабылданады және қоғам үшін маңызды бағдар бола алады.
С. Аппазов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы