Маңызды мәселелерді қамтиды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбаты қоғамда кеңінен талқылануға тиіс маңызды мәселелерді қамтиды.
Қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерге нақты әрі дәлелді жауаптар беріліп, күрделі әрі кейде ауыр шешімдерді қабылдаудың себептері мен қажеттілігі түсіндірілді.
Президент ел өміріндегі өзгерістердің тек экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтінін, ең алдымен азаматтардың өмір сапасы мен қоғамдық сананың жаңаруымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
Әділетті қоғам құру, заң үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және жастарға жағдай жасау – сұхбаттың негізгі өзегі. Бұл бағыттар бүгінгі қоғамның сұранысына толық жауап береді. Мемлекет басшысы халықтың мемлекетке деген сенімі нақты істер арқылы қалыптасатынын баса айтты, бұл – билік пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтетін маңызды ұстаным.
Аталған сұхбат ел азаматтарын белсенді болуға, реформаларды қолдауға және ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейді. Бұл – қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған маңызды үндеу.
Ерекше назар аударарлығы — сұхбат барысында жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес, тұтас қоғамға да ортақ екені ашық айтылды. Бұл — саяси мәдениеттің кемелденгенін, басқарудағы жаңа көзқарастың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Өзара жауапкершілік, тәртіп пен саналы қатысу болмайынша, ешбір реформа толыққанды нәтиже бермейтіні анық. Осындай ашық әрі мазмұнды форматтағы әңгімелер қоғамның ой-санасын қалыптастырып, болашаққа нақты бағыт-бағдар береді деп санаймын.
Ж. Орынбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы