БАС ШЫРШАНЫҢ ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

0

Жаңа Жыл мерекесіне орай, орталық алаңда бас шыршаның шамын жағу салтанатты түрде өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, тұрғындарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Шыршаны Абылайхан атындағы мектеп- лицейінің 10 сынып оқушысы, республикалық «Маралтай оқулары» байқауының жүлдегері, Аружан Амантайқызы, Арыстанды орта мектебінің түлектері, қол күресінің шеберлері Қарлығаш Елдосқызы, Гүлнәр Алиева және Ш.Уәлиханов атындағы мектеп- гимназиясының үздік оқушысы Ақмоншақ Төрехан жақты.
Кеш барысында аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар әсем ән мен әсерлі қойылымдар тарту етті. Мерекелік отшашу тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлап, кештің көркін аша түсті.
Аталған шара тұрғындарға шаттық сыйлап, бірлік пен мерекелік нығайта түсті.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.