Терезедегі қауіп: Балалардың көпқабатты үйлерден құлауының алдын алайық

0

Жылы мезгіл басталысымен балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлау оқиғалары жиілейтіні алаңдатады. Мұндай жазатайым жағдайлар көбіне бірнеше секундтық қараусыз қалған сәтте орын алып, орны толмас қайғыға ұласуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, оқыс оқиғалардың негізгі себептері – балаларды қараусыз қалдыру. Сондықтан бұл мәселе тек ата-аналардың ғана емес, бүкіл қоғамның назарында болуы тиіс.

Терезелердің ашық болуы және қауіпсіздік талаптарының сақталмауы. Әсіресе, масаға қарсы тордың жалған қауіпсіздік сезімін тудыруы қауіпті. Ол жәндіктерден қорғауға арналғанымен, баланың салмағын көтеруге есептелмеген. Сондықтан оған сүйену немесе арқау ету қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір отбасы қарапайым, бірақ тиімді сақтық шараларын ұстануы қажет. Терезелерге арнайы қорғаныс құлыптарын немесе ашылуын шектейтін құрылғыларды орнату, терезе маңына бала шығып кетуі мүмкін жиһаздарды қоймау және кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау – қауіптің алдын алудың негізгі жолдары. Сонымен қатар, ата-аналар балаларына терезе мен балконның қауіпті екенін үнемі түсіндіріп, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруы маңызды.
Баланың өмірі – баға жетпес құндылық. Бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке айналуы мүмкін. Сондықтан әрбір ата-ана мен қамқоршы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, балалардың амандығына ерекше жауапкершілікпен қарауы қажет.
Есте сақтаңыз:
• Терезелерге қорғаныс құлыптары мен шектеуіштер орнатыңыз.
• Балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз.
• Терезе маңына орындық, үстел, диван сияқты жиһаздарды қоймаңыз.
• Масаға қарсы тордың баланы құлаудан қорғамайтынын ұмытпаңыз.
• Балаларға терезе мен балконның қауіпті екенін үнемі түсіндіріңіз.
• Қауіпсіздік – қарапайым сақтықтан басталады. Әрбір сақталған өмір – қоғамның ортақ жетістігі.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.