Қазақтың келіндері-ай
Өткен аптада «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Саудакент ауылында “Қазақтың келіндері-ай” атты аудандық келіндер сайысы өтті.
Бұл байқаудың негізгі мақсаты – қазақтың салт-дәстүрін ұлықтау, келіндердің өнерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және отбасылық тәрбиенің маңызын арттыру болып табылады.
Іс-шараға ауданға қарасты ауылдардан келген келіндер қатысып, өз өнерлерін, шеберліктерін және ұлттық дәстүрлерді терең меңгергендігін ортаға салды.
Қатысушылар «Таныстыру» ,«Ұршық иіру», «Нан жайып бәсекеге түсу», «Үй тапсырмасы», «Салт-дәстүр сұрақтары» аталымдары бойынша бақтарын сынады.
Әсерлі де қызықты өткен жарыс нәтижесінде Өндіріс ауылынан келген Серікбекқызы Айша 1-орынды, Жайылма ауылынан Досалиева Әсел 2-орынды, Саудакент ауылынан Бақытжанқызы Таңшолпан 3-орынды иеленді.
Жеңімпаздар «Жастар ресурстық орталығының» арнайы дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды. Қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Сәулет Есқара, «Sarysý»