«Өз құқығыңды біл» республикалық акциясы

0

Заңдылық пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуі мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да заң нормаларын қатаң сақтауымен ғана мүмкін болады. Бұл құқықтық мемлекетті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға ұмтылысты көрсетеді.

«Заң және Тәртіп» қағидаты заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және іс жүзінде әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Апта ішінде «Өз құқығыңды біл» республикалық акциясы аясында Халыққа қызмет көрсету орталығында Сарысу ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері бірлесіп, азаматтарды кезекті қабылдау өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық көмек көрсету.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары еңбек, тұрғын үй, жер, отбасы және өзге де заңнама салаларына қатысты өздерін толғандырған мәселелер бойынша білікті құқықтық консультациялар алды. Азаматтардың өтініштері мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, қажетті құқықтық көмек көрсетілді.
Сарысу ауданы прокуратурасы алдағы уақытта да азаматтардың құқықтарын қорғауға, «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтуға, халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету бағытындағы іс-шараларды іске асыруды жалғастырады.
Айта кетейік аудан тұрғындары мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне тікелей жүгініп, өзекті мәселелер бойынша кеңес алды. Көпшілікті мазалаған сауалдардың дені әлеуметтік қолдау, жер учаскелерін рәсімдеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысты.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.