Құқық бұзушылықтың алдын алу-ортақ міндет

0

Апта ішінде аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында жиын өтті.

Басқосуға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру және жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.
Жиында күн тәртібіне байланысты аудан прокуратурасының аға прокуроры А. Амангелді хабарлама жасады.
Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Ж. Сақыпбеков ауданда құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар аудандық ПБ-нің бастығының орынбасары А. Жақыпбеков, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Г. Кабулова күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Жиынның күн тәртібінде алыстық және интернет алаяқтықтың, мал ұрлығының, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы және осы бағытта уәкілетті органдар қабылдап жатқан шаралардың тиімділігі талқыланды.
Басқосуда аудан прокуроры құқықбұзушылықтың алдын алуда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет алаяқтарының арбауына түсіп қалмау үшін түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығына тоқталды.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов құқықбұзушылықтың алдын алу құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін айтып, барлық жауапты мекемелерге профилактикалық жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Әсіресе, жастар тәрбиесіне, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды.
Осындай бірлескен жұмыстар аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.