“Үздік дәнекерлеуші – 2025”

0

Өткен аптада « Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтар жылына орай “Үздік дәнекерлеуші – 2025” байқауы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға қолдау көрсету және еңбек адамының мәртебесін көтеру.
Байқау барысында қатысушылар әр түрлі бұйымдарды дәнекерлеп, теорияда алған білімдерін практика жүзінде жоғары деңгейде көрсете білді.
Байқауға №11 Сарысу колледжі мен Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгерлері қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, шеберліктерін сынға салды.
Нәтижесінде үздік шыққан жас дәнекерлеушілер анықталды:
Атап айтар болсақ 1-орынды Сарысу колледжінің білімгері Дәрібай Нияз жеңіп алса,2-орынды Жаңатас көпсалалы колледжінің білімгері Тайжанқұл Баян иеленді. Ал 3-орынды Сарысу колледжінің білімгері Абу Айқынқанағат тұтты.
Жеңімпаздар арнайы «Жастар ресурстық орталығының» дипломдарымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.