Өзара пікір алмасты

0

Апта ішінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінің фойесінде үстіміздегі жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында еліміз бойынша «Зорлық — зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» республикалық акциясы аясында жоспардағы алғашқы іс-шара бастау алды.

Басқосуда «Отбасы қолдау орталығының» маманы Қанағат Бақкулиева баяндама жасады.
Одан кейін аудандық полиция бөлімінің отбасы тұрмыстық зорлық — зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция лейтенанты Алмас Бегалиев отбасы құқығын қорғау туралы Заң аясында қысқаша тоқталып өтті.
Сондай-ақ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорының міндетін атқарушы Жансая Қыстаубаева жас отбасыларға арналған түрлі қолдаулар туралы жан — жақты ақпарат берді.
Жиын барысында мемлекеттік қызмет саласының ардагері Әсия Тойшыбекова отбасы құндылықтары туралы кеңінен айтып өтті. Сарысу аудандық аналар алқасының мүшесі Үміт Бакенова тұрмыстық зорлық — зомбылықтың қоғамға тигізер зардаптары туралы тұшымды ойларымен бөлісті.
Акция соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.