Білімдінің қолында алтын шырақ

0

Өнер мен мәдениеттің ордасы-Сарысу жері талай ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерін түлеп ұшырған құтты мекен. Сонау Майкөт ақыннан бүгінгі Маралтайға дейінгі буындар легі жалғасын табуда. Бүгінде жас ақындарымыз жыр-мүшәйраларда оза шауып, жүзден жүйрік көрініп келеді.
Жуырда Тараз қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында өткен «Қазақтың біртуар ұлы-Дінмұхаммед Қонаев» атты облыстық шығармашылық байқауына М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Асқар Нұрмахан қатысқан болатын.
Жетекшісі Әсел Иманқұлова баптаған жас дарын байқауда 17 қатысушылардың ішінен үздік деп танылып, жүлделі 2 — орынды иеленді.

«Sarysý»-АҚПАРАТ

Leave A Reply

Your email address will not be published.