Құрмет көрсетілді

0

15 қарашада Қазақстанда мемлекетіміздің экономикалық тәуелсіздігін, қаржы саясатының дербестігін айқындайтын маңызды дата — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні аталып өтеді. Бұл күн тек тарихи оқиға ғана емес, еліміздің қаржы жүйесінде еңбек ететін барлық мамандардың кәсіби мерекесі болып табылады.

Мереке қарсаңында аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов қаржы саласының мамандары мен ардагерлерін қабылдап, ауданның барлық қаржыгерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Сондай-ақ қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев пен қаржы саласының ардагері Әсия Тойшыбекова да ізгі тілектерін айтты.
Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Ж.Жаркенов ауданымыздың қаржы саласының дамуына қосып жүрген сүбелі үлестері үшін бірқатар сала ардагерлері мен мамандарын «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.

С. Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.