Сайланды

0

Сарысу ауданының сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Жандос Жамаубайұлы Жұмабай Тоғызкент ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.
Жандос Жамаубайұлы Жұмабай 1994 жылы 29 желтоқсанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.
2016 жылы Тараз иновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2020 жылы Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының өткізу режимінің инспекторы болып бастаған.
2021-2023 жылдары Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының статисті, 2023-2024 жылдары Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Сарысу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.