Спортшылармен кездесті

0

Ауданымыздағы спорт мектептерінің спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық, ауданаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатуда. Спортшыларымызды баптап, үкілеп, жарысқа қосқан жаттықтырушылардың еткен еңбегі ақталып, жетістіктерге жетіп келеді. Спортты жанына серік еткен жандарға қолдау көрсету аудан басшыларының дәстүріне айналған.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытов ауданымыздың мақтаныштары — грек — рим күресінен түрлі деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатқан жас спортшыларды қабылдады.
Кездесуде аудан әкімі С. Мамытов:
— Бұл жеңіс — біздің жастарымыздың табандылығы мен еңбекқорлығының, бапкерлердің қажырлы еңбегінің, ауданымыздағы спорт саласына жасалып отырған қолдаудың нақты көрінісі, — деді. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек және аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Балғабай да сөз сөйлеп, спортшылардың алдағы сайыстарына сәттілік тіледі.
Басқосу барысында ауданымыздың спорт саласының дамуына қосып жүрген үлестері үшін жеңімпаз жастарға, олардың жаттықтырушылары мен ата — аналарына Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды тапсырды.
Спортшылар мен жаттықтырушылар қолдау көрсетіп жатқан аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, спорт саласында жеңіс тұғырынан көрінуге бар күш-жігерлерін салатынын айтты.

С. РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.