Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

0

Аптаның жұмасы күні сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс 44-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов, аудан әкімінің орынбасары, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері және тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.
Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабековтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессияның күн тәртібінде «Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №36-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды.
Аталған мәселе бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалып, жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары сауалдарын қойды.
Көтерілген сұрақтар бойынша аудан әкімі Сәкен Мамытов түсіндіріп, аудан әкімінің орынбасары, баяндамашы және тиісті мекеме басшыларының тарапынан жауаптар берілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар тиісті шешім жобаларына енгізіліп, қабылданды.

Аудандық мәслихат аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.