ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Жуырда Алматы қаласында қол күресінен өткен жарыста армрестлингтен Азия чемпионы, Түркістан ауылдық округіне қарасты Қаратас елдімекенінің тұрғыны, Қарлығаш Елдосқызы қарсыластарынан оза шауып, бас жүлдені иеленді.
Жерлесімізді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен Түркістан ауылдық округі әкімінің бөлімше басшысы Жаныс Байысбеков пен ауылдастары ауыл мақтанышын ыстық лебізбен қарсы алды.
«Sarysý»-АҚПАРАТ